21.01.2025, 17:45
Оқылды: 123

Ақжайықтық ардагер-ұстаз Х.Сақауовқа құрмет көрсетілді

Бүгін будариндік ардагер-педагог Хамит Сақауовты 75 жасқа толуына орай аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қабылдап, қошеметтеді.

IMG_7544

Хамит Оразұлы Первомай мектеп-интернатында химия пәнінің мұғалімі, сосын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  Қаршы орта мектебінде директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасары болды. Кейін зейнетке шыққанға дейін Бударин жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарды.

IMG_7550

40 жылдан астам жұмысында ол тек шәкірттердің ғана емес, педагогика саласында сан жетістікке жетіп жүрген мамандардың нағыз ұстазына айналды. Жылдар жүзінде табанды еңбектің арқасында ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Білім және Ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

IMG_7559

Ардагер-ұстаз әлі де ол сапта, Бударин ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде ауыл-елдің тірлігінен қол үзбей, жас буынға бағыт-бағдар көрсетіп келеді.

IMG_7561

Зәйлім Исатайқызы Х.Сақауовқа көпке үлгілі қызметі мен өнегесі үшін алғысын айтып, аудан әкімінің, облыстық білім басқармасының құттықтау хатын тапсырды. Осы қабылдауға қатысқан аудандық білім бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мерейгерге игі тілектерін арнады.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале