24.02.2021, 14:48
Оқылды: 34

Мұратсайдағы «WINTERFEST»

Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсайда жастар коньки теуіп, жарысқа түсті. Ауылдық жастар ұйымы мен мен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы педагогі Нұрбол Қуанғалиевтың ұйымдастыруымен оқушылар арасында "WINTERFEST" атты спорттық жарыс өтті.

09DBBF51-CA69-4948-B7BC-62CE20655B61

Конькидің қос жүзіне тұру оңай шаруа емес. Ал онымен алдағы кедергілерден қиналмай өту шебердің ғана қолынан келеді. Десе де, мұратсайлық жасөспірімдер шебер болмаса да, ұқсап бағуға тырысты. Бексұлтан Серікбай, Фархад Қуанғалиев, Әлмамбет Каспи, Нұралы Шәпен, Сұлтан Боранбай, Бекжан Темірғалиев, Мақсат Рақымғали, Бекнұр Сейсенбайлар асқан белсенділікпен қатысып, үздік ойын өрнегін көрсетті.  

Жеңімпаздар да, барлық қатысушылар да марапаттан құр қалмады.

Нұрлыбек Оспанов,

жастармен жұмыс жөніндегі маман,

Мұратсай ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале