30.06.2023, 21:36
Оқылды: 11

Нұрәли - жүлдегер!

Қарағанды қаласында 20-30 маусым күндері аралығында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. 
436a79e3-283b-4f12-b99a-d521f5292931
400-ге жуық спортшы қатысқан чемпионатта Батыс Қазақстан облысы атынан Сырым ауданының тоғызқұмалақшылары да бақ сынаған болатын.
Нәтижесінде, А.Шайхиев атындағы Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 4 сынып оқушысы Нұрәли Жолдыбай  9 жасқа дейінгі ұлдар арасында тоғызқұмалақтың “рапид” түрінен ІІІ орын иеленді.
WhatsApp Image 2023-06-30 at 22.32.19
- Аталған чемпионатқа 6 оқушым қатысып, соңғы айналымға дейін жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Шәкіртім Нұрәли финалдық ойында Ақмола тоғызқұмалақшысымен сынға түсіп, ІІІ орын бұйырды. Оқушыларымның барлығы да бабында тұр. Жеңісті күндеріміз әлі алда,- дейді ақжолтай хабармен бөліскен тоғызқұмалақтан сырымдық жаттықтырушы Дарын Төреғалиев.
08e7c6d3-61ab-48b3-b952-0dc5a6751b73
bfd02d36-9152-4124-b0f9-2dded4989aaa
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале