22.10.2022, 14:45
Оқылды: 22

"Өлең - менің жанымның бойтұмары"

Жақында Cоmmunity орталығында аудандық жас ақындар мүшәйрасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен  "Қазақ тілі қоғамы" халықаралық қоғамдық бірлестігі Бөрлі аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақсай қаласының 55 жылдық мерейтойы және Республика күніне орай "Өлең - менің жанымның бойтұмары" деген атаумен ұйымдастырылды.

11

Аудандағы шығармашыл оқушыларды қолдау және жас ақындардың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен мүшәйраға 14-17 жас аралығындағы  7 жас ақын мен олардың жетекшілері қатысты. Шараның бірінші кезеңінде ақын, "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" аудандық газетінің директор-редакторы Дариға Нұрашова қалам ұстап жүрген жас өрендерге шеберлік сағатын өткізді. Содан жас ақындарға еркін тақырыпта өлең шығару үшін уақыт берілді.

12

Мүшәйра қорытындысы бойынша І орынды №7 ЖББОМ-нің 11 "А" сынып оқушысы Гүлсезім Сүйеуғалиева, ІІ орынды Ақбұлақ МББК, 8 "А" сынып оқушысы Айым Асқар, ІІІ орынды Ақсай қаласының №1 ЖББОМ-нің 10-сынып оқушысы Камила Мергенова иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале