6.05.2022, 15:00
Оқылды: 65

Отан қорғаушылар күні мерекеленді

 Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері күніне арналған «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты салтанатты іс-шара өтті.

IMG_8177

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жиналғандарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, атаулы күннің әрбір Қазақстан азаматы үшін ерекше мереке екенін жеткізді. Сонымен қатар аудан басшысы егемен еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаушылар қашан да құрмет пен ілтипатқа лайық екенін айтып, саналы ғұмырын Отанын қорғауға арнаған әскери қызметкерлерге және қызметін мінсіз атқара білген бірқатар ер-азаматтарға облыс әкімі Ғали Есқалиевтің және аудан әкімінің алғысхаттарын табыс етті.

IMG_8225

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуының 30 жылдығына орай  облыс әкімінің алғысхатымен ауған соғысының ардагерлері Бақытжан Баймұкашев пен Мұхтар Даулетқалиев, «Шыңғырлау» шекара бөлімінің аға сержанты Асыланбек Еркештаевты марапаттаса, ерекше еңбектерімен ерекшеленген өзге де жерлестеріміз ескерусіз қалған жоқ.

IMG_8081

Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер айтып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

                                                                                                     А.Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале