21.10.2021, 11:01
Оқылды: 36

Шекарашылар - ел айбыны

Жуырда Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының 8-9 сынып оқушылары және "Жас жауынгер" әскери-патриоттық клубы мүшелері Орал қаласындағы ҚР ҰҚК № 2029 шекара  жасағына қарасты Дариян ауылындағы "Орал" шекара бекетіне экскурсияға жасады. Жас ұрпақты елжандылыққа, ерлікке, батылдыққа және Отанын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында оздырылған экскурсия оқушылардың әскери іске деген қызығушылығын арттырды.

IMG-20211012-WA0050

Барысымен балалар "Орал" шекара бекеті бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Арлан Абдыкалық қарсылап, кіре беріс саптық алаң, шекара бұзушылар жолақтарын бұзу кезінде қандай айла-әдістер қолданылатынын таныстырды. Оларды табу жолдарын түсіндірді. Сабақ оқитын, әскери қызметке дайындық және байланыс бөлмелерін көрсетті.

IMG-20211012-WA0084

Бекетте арнайы қызметтік ит бар екен. Кинолог итке пәрмен беріп дайындық деңгейін көрсетті. Қызметтік иттің дайындығын жасөспірімдер қызыға тамашалады. Иттің шекара бұзушыны ұстау, кедергілерден өту секілді іс-қимылдары бүлдіршіндерді бей-жай қалдырмады. Экскурсияның ең қызық тұсы ұрыс қаруын тамашалау сәті болды. Шекарашылар оқушыларға Ак-74, тапанша, дүрбі, шлем маска, ГП-25 қаруларын таныстырды. Қарудың арналуын, ұрыстық қасиеттерін түсіндірді. Оқушыларға киіп, ұстап, қаруды бұзып-жинауға мүмкіндік берілді. Кейін оқушылар назарына әскери оқу орнына түсу жайлы бейнекөрсетілім ұсынылды.

IMG-20211012-WA0027

Аталмыш кездесу аясында шекарашылардың Отан қорғауға сақадай сай екеніне тағы бір көзіміз жетті. Алдағы уақытта да жасөспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеу, елін, жерін сүйетін, Отан қорғауда аянбайтын, ерлік пен батырлықтың дәстүрін жалғастыратын жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу жұмыстары жалғасын таппақ.

 

 Асулан Айдарханов,

Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты,

Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале