Бау-бақша жанданатын кез келді
15 Сәуір 2021

Бау-бақша жанданатын кез келді

Ауыз сумен қамту жақсармақ
15 Сәуір 2021

Ауыз сумен қамту жақсармақ

Қаһарман атындағы мектеп
15 Сәуір 2021

Қаһарман атындағы мектеп

Дәрігер жетпей әбігерміз
15 Сәуір 2021

Дәрігер жетпей әбігерміз

Теректілік мұғалім ерледі
15 Сәуір 2021

Теректілік мұғалім ерледі

Бәйтеректе «Мөлдір махаббат» байқауы өтті
15 Сәуір 2021

Бәйтеректе «Мөлдір махаббат» байқауы өтті

Шыңғырлау ауданы әкімі мереке иелерімен кездесті

  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ауданымыздың нәзік жандыларымен кездесу ұйымдастырды. «Ана деп көркем жыр төккен, армысың, ару, нұр-көктем» атты кездесуге көпбалалы, іскер азаматшалармен қатар ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген әйелдер қатысты.

EAF60DCE-B742-482E-B6BC-4A8162E4DE91

Кешті аудан әкімі Әлия Биғазықызы құттықтау сөзімен бастап, мерекелік марапаттарды табыстаумен жалғастырды. Шара барысында алты бала тәрбиелеп, өсіріп отырған көпбалалы ана - Фарида Абуова  "Күміс алқамен” наградталады. Келесі кезекте аудан экономикасының, мәдениетіміздің дамуы, ұрпақ тәрбиесі жолында табысты еңбек етіп жүрген абзал жандар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Ауданымызға талай жыл қызмет етіп, өзінің елеулі үлесін қосқан Батима Ахметоваға алғысхат табыс етілді. Әлия Биғазықызы Батима ханымды мерейлі 85 жасымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Сонымен қатар Талшын Тарғынқызы, Қалима Еслямова, Гүлсім Қуанаева, Эльмира Сапашева, Дариға Исагалиева, Ольга Жумашева, Ұлжан Утегулова, Зульфия Гайнутдинова сынды аудан дамуы жолында аянбай тер төккен, жүректері мейірімге толы азаматшалар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

6F1BF430-3446-4CE6-BC9C-9B32E2FE6930

   Ауданымыздың  қоғамдық өміріне бей-жай қарамай маңызды науқан кезінде уақыттарымен санаспай қызмет көрсеткен бірқатар әйел -азаматшаларға Қазақстан  Азаматтық Альянсы атынан алғысхаттар табысталды. Олардың қатарында Гүлсім Қуанаева, Ақмарал Кулушева, Алмагүл Тукенова, Оразғаным Асанова, Нұргүл Сайлауова, Үзілдік Орынғалиевалар бар.

 Кеш соңында әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаттың жүзеге асуына қосқан үлестері үшін Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Биғазықызына, аудандық «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» жұмыс тобының жетекшісі Әсел Ерсенқызына, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Гүлжамал Ғұмарқызына, «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айсұлу Амангелдіқызына және аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақмарал Сиражқызына гүл шоқтары табысталды.

  Кеш аудандық мәдени-демалыс орталығы өнерпаздарының шағын концертімен қорытындыланды.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz