3.01.2025, 15:42
Оқылды: 83

«Су қоймалары салынса» - Жүсіп Шакуов

photo-output

Жүсіп Шакуов, Казталов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

— Республикалық «Ana tili» газетінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбат мақаласы жарық көрді.
Президент сұхбатында 2024 жылы Қазақстан бойынша орын алған су тасқынына тоқталып: — Қарғын судың қарқыны шынымен де қатты болды: үйлер, жолдар, көпірлер, әлеуметтік және коммерциялық нысандар бүлінді, біраз мал қырылды. Бөгеттер мен гидротехникалық қондырғылар салуға ондаған жыл бойы жете көңіл бөлінгенде, апаттың салдары соншалықты ауыр болмас еді. Мұны мойындау керек. Қазір қателікті түзеп, олқылықтың орнын толтыруға кірістік. Парламентте жаңа Су кодексінің жобасы қаралып жатыр. Су ресурстарын басқару тұжырымдамасы және оның кешенді жоспары бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 40-тан астам су қоймасын салу және 37 су қоймасын жөндеу қарастырылған. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын ирригация каналдарын жаңғырту көзделген,-деп атап өтті.
Су тасқыны біздің де Казталов ауданы үшін қауіп туғызды. Қос өзенге жоғары жақтан келетін суды тиімді пайдалану үшін су қоймаларын салу қажеттілігі туындап отыр. Мемлекет тапсырмасына сай Қараөзен бойынан Жалпақтал су қоймасын салу жоспарда тұр. Ал Сарыөзен бойынан су қоймасын салуға жоба жасау қажет. Ауданымыздағы гидротехникалық жүйлерді жөнделіп, су қоймалары салынса, көктемдегі ағын судан келетін қауіп сейіліп әрі елге қажетті мол су жинауға жағдай туар еді. Елдегі шенеуліктер Президентіміздің мақаласын оқып, тиісті шешім шығарады деген сенімдемін. Бәрі Қазақстан халқының болашағы үшін жасалуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале