11.03.2023, 19:10
Оқылды: 39

Су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда

Ауа райының күрт жылуына орай Шыңғырлау ауданында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.06.48

Бүгінде елді мекендерде су тасқынының алдын алуға бағытталған кезекшіліктер ұйымдастырылып, қар шығаруға, судың арнасын тазартуға, аршуға барлық техникалар мен қызметкерлер жұмылдырылды.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.06.55

Нәтижесінде су тасқынының алдын алу жедел штабына 40-қа жуық қоңырау түсіп, үй маңынан, көшелерден 2100 текше метр су шығарылған.

WhatsApp Image 2023-03-11 at 20.06.56 (1)
Дегенмен, ауыл тұрғындары, біз де қамсыз отырмайық. Мамандардың айтуынша, жеке аула іші түгелдей және аула сырты қоршаудан 1,5-2 метр қашықтықта қардан тазартылуы керек. Содан соң жиналған қар көлік жүруге арналған жолдарға бөгет жасалмауы тиіс. Өзіміздің тарапымыздан төбелердегі қарларды түсіріп, ауламыздағы қарды аршып, судың кедергісіз ағуына біз де жағдай жасайық.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале