15.08.2022, 18:00
Оқылды: 25

«Сырым сазының» сазды әуендері

Аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық «Сырым сазы» фольклорлық ансамблінің құрамы қалыптасқан жұмыс жоспарына сәйкес ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламаларын ұсынуда.

1660557855509

Ұжымның бұл жолғы өнер сапарлары шілде, тамыз айының ішінде  ауданның Қызылағаш, Жамбыл, Көгеріс, Көздіғара, Өлеңті ауылдарында жалғасса, Қаратөбе ауданының өнерсүйер жұртшылығына да бұл  сапарды көру бақыты  бұйырды. «Жасай бер, жайна, туған жер» атты концерттік бағдарламаның негізгі мақсаты Сырым Датұлының 280 жылдығына, Жаһанша Досмұхамедовтың 135 жылдығына арналып отырғандығын айта кеткен жөн. Ал, бағдарламада орындалған әсем ән, тәтті күй де тыңдаушыларын ризашылыққа бөлеп,  әлсін-әлі қол соққызып отырды. Яғни, А.Жұма, Ж.Өтеуов, М.Мұқанов, А.Алдамжаров, Д.Қажығалиев, С.Әубәкіров, Д.Демеуовтің орындаған өнерлері көпшіліктің жүректеріне жетіп жатты.

– Алда ұжымды сындарлы сәттер күтіп тұр. Яғни, облыстық халық шығармашылығы орталығы ұлт-аспаптар оркестрлеріне қолдау  көрсету және шығармашылық  саласындағы жетістіктерін көпшілікке дәріптеу мақсатында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының  ұйымдастыруымен 3-4 қарашада халықтық ұлт-аспаптары  оркестрлерінің арасында облыстық байқау өткізілмекші. Осы тұрғыда ұжым құралы тыңғылықты әзірліктер жасауда,- дейді халықтық «Сырым сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Серік Сарғозиев.

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале