22.03.2021, 13:17
Оқылды: 47

Тасқала аудандық мәдениет үйі "Ғасырлар үні" концерттік бағдарламасын ұсынды

Тасқала аудандық мәдениет үйі жанындағы Ж.Сатыбалдиев жетекшілік ететін халықтық "Шежіре" этнофольклорлық ансамблі "Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" және "Тарихқа тағзым" күні аясында "Ғасырлар үні" концерттік бағдарламасын өткізді.

Шара барысында ансамбль Сейтектің "Жантаза", Т. Тоғжановтың "Көшпенділер", Қазанғаптың "Ақжелең" күйлерін орындаса, Ж.Сатыбалдиев, Е.Аманғалиев, Т.Әбуханов күйтартыс жасады. Ә.Нысан қылқобыз аспабында Қорқыттың "Қазан" шығармасын шебер орындады. Ансамбльдің сүймелдеуімен М.Есқалиев А.Зайытұлының "Домбыра", Б. Хабидашева халқымыздың "Ақбаян" әнін шырқады.

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале