30.11.2024, 12:00
Оқылды: 16

Тасқалада «Діни сауаттылық – заман талабы» деген атаумен танымдық кеш өтті

Қ.Сәтпаев мектебінде «Діни сауаттылық – заман талабы» атты танымдық кеш өтті. Аталмыш жиналысқа Рант мүшесі, танымал  дінтанушы Талғат Искалиев, Тасқала ауданының прокуроры Алмас Унаев, білім беру бөлімінің директоры Айгүл Касимова және тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушылар қатысты.

3

Танымды кеште дінтанушы жастарға діннің сүннетіне сай өмір сүру, жақсы амалдар жасау, өз білімі мен тәрбиесін арттыру қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, дін мен ғылымның үйлесімділігі, білімнің маңызы, адамның қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты.

Келесі кезекте сөз алған Алмас Унаев прокурор ретінде жастар арасында діни радикализмнің алдын алу, заңдылықты сақтау, қоғамдағы тұрақтылық туралы айтты. Ол құқықтық сауаттылығының арттыруы, өз құқықтары мен міндеттерін білуі, сонымен қатар заң шеңберінде әрекет етуі қажеттігін атап өтті.

Мұғалімдер мен оқушылар өз сұрақтарын қойып, тақырып бойынша пікір алмасты. Олар өз ойларын ортаға салып, діни сауаттылықты арттырудың, имандылыққа тәрбиелеудің жолдары туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале