20.05.2022, 17:30
Оқылды: 32

Теректі ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Дамир Сансызбайұлы Гумаров Теректі ауданы әкімінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №85 өкімімен Теректі ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

IMG-20220520-WA0057

Дамир Сансызбайұлы 1985 жылы 5 тамызда дүниеге келген. Жоғары білімді. 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы,  2009 жылы Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 12.11.2007 жылы БҚО, Теректі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып бастаған.

14.08.2008 ж. – 28.10.2010 ж. – Теректі ауданы қаржы бөлімінің бас маманы;

20.07.2011 ж. – 22.08.2012 ж. – Теректі ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық және қаржы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;

22.08.2012 ж. – 10.12.2015 ж. – Теректі ауданы құжаттамалық және қаржы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

11.12.2015 ж. – 04.11.2018 ж. – БҚО әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы;

23.09.2019 ж. – 30.01.2022 ж. – БҚО әкімінің аппараты бақылау бөлімінің басшысы;

30.01.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін БҚО әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарды.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале