20.05.2022, 17:15
Оқылды: 71

Теректілік мәдениет қызметкерлердің кеудесіне медаль тағылды

Әмбеге аян, 21 мамыр — Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің төл мерекесі күні. Мерекені Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері 2013 жылдан бері атап өтуде. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіз бен алғыс айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрдің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан олардың үлесі орасан зор.

IMG-20220520-WA0052

Бүгін Орал шаһарында дәстүрлі салтанатты шара өтті. Рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлерінің қатарында теректіліктер де бар. Тінін тарқатсақ, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы С.Иманқұлованың атынан берілген «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева марапатталды.

Сонымен қатар Теректі аудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қайыроваға да БҚО-ның «Үздік мәдениет қызметкері» атты төсбелгісі тағылды.

 Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале