31.05.2021, 14:52
Оқылды: 47

Теректіліктер құрбандарды еске алды

Бүгін - елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Өткен ғасырда сұрқия саясат салдарынан «ақтабан шұбырындыны» екінші рет басынан өткеріп, ашаршылықтан есеңгіреген қазақ халқы елдің маңдайына біткен таңдаулы ұлдарынан айырылды.

Аштық пен қудалау салдарынан миллиондаған адам ажал құшып, халық саны күрт азайды.

792B5F2E-123A-49D6-B313-E44F1137956E

Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы 31 мамырды - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп бекіткен болатын. Бұл күні бүгінгі ұрпақ әділетсіз саясаттың құрбаны болған жандарды еске алады.

Осы қаралы күні Теректі ауданы орталығындағы Достық үйі алаңында еске алу жиыны өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері тақырыпқа сай кітап көрмесін жайды. Көркемөнерпаздар Айымгүл Исқақова мен Әділбек Қожабеков өлең оқыды.

Қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алған бір топ теректілік Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы, 

Теректі ауданы

   zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале