23.12.2021, 21:02
Оқылды: 22

Туған жерге тәу ете келді

Мейрам қарсаңында ақын Қайраттың  бауыры Таумұрат Жұмағалиев  елге келіп, аталар басына тәу етті.

Ақынның бауыры да осал жан емес. Қырық жылдай ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен доғарыстағы полковник. Қызмет барысымен еліміздің түкпір-түкпірінде  болған ағамыз ел жаңалығына әр кезде құлағым түрік жүреді деп қояды.

4ED5CFAB-2E44-484C-8512-212BD23C58D0

Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумовтың қабылдауында болған елордалық қонақ еліміздің шалқыған коммунизм кезеңінде емес, Тәуелсіздік кезінде көп жетістіккке қол жеткізгенін баса айтты. Ішсең таңдайыңнан кетпейтін Аймекеннің суы екі үйдің біріне кіріп тұр, аудандағы бес үйдің төртеуі қи ойып, от жағудың қияметінен құтылғанын, енді жол құрылысы қарқын алып кетсе, елдің еңсесі одан әрі биіктей түсетінін де тілге тиек етті.

Таумұрат ағамыз Бисеннің Шәпи қыстағындағы аталарының басына барып, дұға бағыштап, Сайқындағы ақын  ағасына қойылған бюстті де тамашалады.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале