15.12.2021, 23:59
Оқылды: 89

Тұғырлы Тәуелсіздігіміз ұлықталды

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Мерейлі 30 жылда әлем мойындаған, бәсекеге қабілетті, қуатты, жасампаз мемлекетке айналдық. Мемлекет басшысы да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына бейжай қарамай, аста-төк бағдарламалармен өткізбеуге үндеп, нақты бағыттарды айқындап берген болатын. Еліміздің егемендігінің мерейлі тойы ауданымызда сәні мен салтанаты келіскен ғимараттар, тұрғын үйлер, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуымен, түлектер мен меценаттардың игі бастамаларымен аталып өтті.

B95ED75B-6E9F-44A7-B1FF-6C8453F3E465

15 желтоқсан күні аудан орталығындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Альберт Есалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Альберт Темірболатұлы аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар мен азаматшаларға түрлі марапаттарды табыстады.

C0049BA7-D799-490D-A760-36D9FB36DDC2

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында зейнеткер Тауфих Мұқанов, сан жылдар бойы есепші болып қызмет еткен Ержан Ермұханов, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің пауэрлифтинг тобының жаттықтырушысы Айдын Елемесовке Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасы, Сарықұдық ауылындағы фельдшерлік-амбулаториялық пунктінің медбикесі Светлана Габдуллина, мал дәрігері Ғаділбек Байжігітов, Казталов ауданы әкімінің орынбасарлары Зәйлім Мажитова және Қадер Нұрғалиевке Батыс Қазақстан облысы әкімінің  алғысхаты табысталды. Ал аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының алғысхатымен, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының сектор меңгерушісі Гүлзия Садықова «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасымен, партияның белсенді мүшесі Меңдібек Зиноллаұлы «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының алғысхатымен марапатталды.

Сондай-ақ салтанатты шарада Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл медалімен ауыл тұрғыны Әнес Хамзин марапатталса, аудан әкімі Альберт Есалиев, «Мүслім» ШҚ жетекшісі Махамбет Тайгаренов ауыл шаруашылығы кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Көктерек тарихи-өлкетану музейінің экскуросоводы Ақмарал Әдиетова, Қайыңды ауылдық округінің электр монтері Бақтығали Айжарықов, зейнеткерлер Ұлдай Ғалымова, Мағзия Қабиева, Қайырболат Қизағалиев, Қажымұрат Мұхтаров, Амангелді Саматов, мал дәрігері Елнұр Сариев, Қараөзен ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Құрманай Стамғазиев, С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баян Хамидуллина марапатталса, Желтоқсан оқиғасына қатысқан ауыл тұрғыны Қанат Сүндетов, Казталов мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Ғабит Ибрагимов, көпбалалы ана Армангүл Қонақаева, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Гүлсім Құсайынова, «Қосөзен» шекара қызмет бөлімшесінің басшысының орынбасары Абылайхан Сәрсенбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маман-бухгалтері Алтынбек Ертаев, А.Оразбаева атындағы ОЖББМ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айбек Бисемалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Ернар Ілиясов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева, ветеринарлық станция директоры Талғат Есболов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаева, Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Ақжол Қазиуллин, Қарасу ауылдық округінің әкімі Асхат Нұржанов, Жалпақтал электр торабы қызметкері Болат Бердалиев аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Сонымен қатар Казталов ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Фархад Шигапов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанболат Нұрқашев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Бақытжамал Қазихановаға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының алғысхаты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Сания Қамаледденқызына Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алғысхаты табысталды.

Ауданымызда Тәуелсіздік жылдары бірқатар игі жобалар жүзеге асты. Соның ішінде, 2018 жылдан бері түлектеріміздің бастамасымен түрлі әлеуметтік нысандардың бой көтергендігін ерекше атап өте аламыз. Олардың өнегелі ісінің жалғасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жалғасын тапты. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мектеп түлектері мен жомарт жандардың демеушілігімен жалпы құны 43 млн. 200 мың теңге болатын жоба іске асырылған. Бүгінгі салтанатты шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Жомарт жүрек – 2021» сыйлығы да табысталды. Арнайы сыйлықты аудан әкімі Альберт Темірболатұлы мен аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы табыс етті. «Жомарт жүрек - 2021» сыйлығына Ғ.Қараш мектеп-гимназиясының 2001 жылы, 2011 жылы, 1991 жылы бітірген мектеп түлектері, Ащысай елді-мекенінің әр жылдары бітірген мектеп түлектері, Талдықұдық ОЖББМ-нің 1975 жылы, 1986 жылы, 1991 жылы, 1981-1996 жылы бітірген мектеп түлектері, Қоныс ОЖББМ-нің 2001 жылы бітірген мектеп түлектері, Ақпәтер ОЖББМ-нің 1991 жылы, 2011 жылы, 2001 жылы, 1981-2006 жылы, Қарасу ОЖББМ-нің 1986 жылы, 2011 жылы, А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ-нің 2011 жылы, 2001 жылы, Талдыапан ОЖББМ-нің 1996 жылы, Жаңажол ОЖББМ-нің 2001 жылы, 1990 жылы, Ғ.Беғалиев атындағы ОЖББМ-нің 2001 жылы, 2011 жылы, 1991 жылы, 1981 жылы, Тереңкөл ОЖББМ-нің 2011 жылы, Қайыңды ОЖББМ-нің 1981 жылы, С.Есетов ОЖББМ-нің 2001 жылы, А.Байтұрсынұлы атындағы ОЖББМ-нің 1996 жылы, Бостандық ОЖББМ-нің 2001 жылы, Бірік ОЖББМ-нің 1980, 1985, 1990, 2001 жылы, Қараөзен мектеп-лицейінің 1991 жылы, 2001 жылы, 2011 жылы, К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің 2001 жылы, Ғ.Молдашев атындағы ОЖББМ-нің 2001 жылы, 1991 жылы мектеп бітірген түлектері, Қошанкөл ауылының тұрғындары, Беспішен елді мекенінің тұрғындары ие болды. Ал «Жыл тұлғасы» номинациясымен Оразғали елді мекеніне «Балалар ойын алаңын» салып берген «Бекзат» ШҚ-ның жетекшісі Сансызбай Оразов марапатталды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының әсем әнімен, ырғақты биімен, күмбірлеген күйімен жалғасын тауып, кеш соңында аудан тұрғындары мерекелік отшашудың куәсі болды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале