20.11.2022, 19:18
Оқылды: 9

Учаскеге трактормен келді

Ылғалды ауа - қар, қар мен балшық бүгін сайлау учаскесінің қызметкерлерімен бірге Жымпитыдағы коммуналдық саланың қызметкерлеріне де жұмыс тауып берді. Дегенмен "Сырым" МКК қызметкерлері қауырт жұмыстың арасынан саяси таңдауын білдіруге уақыт тапты.

IMG-20221120-WA0111

Ауылішілік автокөлік жолдарын қардан тазалап жүрген механизаторлар Нұрмұхамед Жұмағожиев пен Азамат Бақтығалиев тізгіндеп жүрген ZL - 30 жүк тиегіш пен МТЗ - 1221 тракторын жолдың жанына доғарып қойып, сайлау учаскесіне кіріп, дауыс берді.

IMG-20221120-WA0113

№290 сайлау учаскесінің қызметкерлері механизаторларға жедел қызмет көрсетті.

Сырым ауданында сайлау елдің ынтымағымен ерекшеленуде.

Бауыржан Ширмединұлы,

суретке түсірген: Айман Өтеғалиева,

zhaikpress.kz

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале