24.05.2026, 14:30
Оқылды: 5

Зайырлы қоғам – ұлт тұтастығының негізі

Бәйтеректіктерге, соның ішінде жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу, олардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру мақсатында бірқатар кездесулер өтті.  «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының лекторы Арман Нұрахметұлы қатысқан іс-шаралар әртүрлі аудиторияны қамтып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталды.

image-23-05-26-07-32-4

Янайкин ауылындағы Т.Бигелдинов атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен болған«Зайырлылық қағидаты – Қазақстан Республикасы болашағының кепілі» тақырыбындағы кездесуде жастарға зайырлы қоғамның маңызы кеңінен түсіндірілді.  Жастардың құқықтық және рухани сауаттылығын арттыруға бағытталған жиында дін мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру, ақпаратты дұрыс қабылдау және қоғам алдындағы жауапкершілік жөнінде маңызды ойлар айтылды.

Мазмұнды кездесулердің бірі аудандық мансап орталығы қызметкерлерімен және жұмыссыз азаматтардың қатысуымен өтті. «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тақырыбындағы жиында ұлттық дәстүрдің қоғам өміріндегі орны, рухани мәдениетті сақтау және жастар арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оған маман тарапынан жан-жақты жауап берді.

Осындай бағыттағы кездесу мемлекеттік қызметкерлер арасында да ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зайырлы мемлекет ұстанымдарының маңызы, қоғамдағы рухани келісім мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері сөз болды. Арман Нұрахметұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы қазақ қоғамының беріктігін айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

Переметный ауылының жастарымен болғанкездесу  еркін форматта өрбіді. Онда зайырлы қоғамның артықшылғы, жастар тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлі және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолдары кеңінен түсіндірілді.

image-23-05-26-07-32-3

Айта кету керек,  қазіргі таңда қоғамда діни сауаттылықты арттыру, жастардың санасын жат ағымдардың ықпалынан қорғау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау – маңызды міндеттердің бірі. Сол себепті барлық жиында да қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, рухани-ағартушылық бағыттағы шаралардың жалғасуы қажеттігін жеткізді.

Мәди Ықылас

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале