18.06.2021, 20:17
Оқылды: 62

Жәнібек ауданы әкімі медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев аудандық ауруханаға барып, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап қайтты.

6DD909DE-CB9D-4ABC-B3B1-9015A869F1CB

-Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар болса, соның бірі – медицина қызметкері. Сіздер аудандық орталық ауруханада қызмет атқара отырып, жаһанды жайлаған індетпен күресте аянбай тер төгіп келесіздер. Адам үшін баға жетпес байлық денсаулықты сақтауға қосып келе жатқан еңбегіңіз аудан тұрғындары тарапынан еленіп, қызметтеріңіз бағалана беруіне тілектеспін, - деп аудан басшысы жүрекжарды тілегін жеткізді.

809F4661-844A-44BC-9BB8-E947918CFDC5

Сонымен қатар Индира Жоламанқызы, Анар Саламатқызы, Рафхат Есенғалиев, Ғалия Темірғалиева, Маржан Аққалиева сынды бірқатар медицина қызметкерлеріне алғысхаттарын табыстады. Өз кезегінде аурухана директорының орынбасары Ербол Сәрсенғалиев, аудан әкімі Азамат Сафималиұлына арнайы келіп құттықтағаны үшін алғысын білдіріп, әріптестеріне толағай табыстар тіледі.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале