18.04.2021, 18:10
Оқылды: 145

Жәнібек полиция бөліміне жаңа бастық тағайындалды

Бүгін Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақыт Ашқаров Жәнібек аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына жаңадан тағайындалған полиция бөлімінің бастығын таныстырды.

ECEA8873-AFC2-4560-8CAF-1EA685C43F7E

B90B0AE6-5FC7-4267-975D-BC71DEDC089D

Полиция майоры Асқар Қоңырұлы Әбдірахманов 14 сәуір 1975 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары. Еңбек жолын 2004 жылы Приурал полиция бөлімінде кіші жедел уәкіл қызметінен бастаған. Әрмен қарай аталған бөлімде жедел уәкіл және криминалдық полиция бөлімі іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі қызметін атқарған. 2007 жылы Орал қалалық ішкі істер бөлімінің нашақорлық бағыты бойынша жеде уәкілі болып жұмыс істеген. 2011 жылы аталмыш бөлімде аға жедел уәкілі болған. 2014 жылы облыстық полиция департаменті нашақорлық бағыты бойынша бөлімінің аға жедел уәкілі, 2017 жылы облыстық полиция департаменті нашақорлық бағыты бойынша бөлімінің бастығы және 2019 жылы осы күнге дейін БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генарал-майоры М.Аблазимовтың бұйрығымен Теректі аудандық Ақжайық полиция бөлімінің бастығы болған. ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың 2021 жылғы 15 сәуірдегі  №287 бұйрығына сай Жәнібек аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

7155CF8E-7F89-467E-815E-23FC1683AB4F

Отбасылы, бір қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр.

Жиын барысында аудан ардагері Бекет Әліпқалиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жәнібек ауданы бойынша бөлімнің бастығы Асылхан Оразғалиев, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Данияр Ракишев сөз сөйлеп, жаңа тағайындалған полиция бөлімінің бастығына сәттілік тіледі.

 Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале