25.01.2025, 15:00
Оқылды: 183

Жәнібектік білім қызметкерлері командасы облыстық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді

Таяуда білім қызметкерлері арасында шаңғы туризмі техникасы бойынша облыстық «Европа-Азия-2025» жарысы өтті. Жарыс шаңғы туризмі техникасын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, педагог кадрлардың біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Жәнібек ауданының намысын аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтері қорғап, биіктен көрінді.

image-25-01-25-11-03

Жәнібек ауданының командасы «Ыстық тағам» байқауы бойынша 3-орын, «Эстафета» қашықтығынан 3-орын, «Байлам» қашықтығынан 1-орын, «Байлам» қашықтығы аралас жұп бойынша Ерлан Нығметов пен Лунара Сабырғалиева 1-орын алды.
Жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, бағындырар белестері көп болсын деп тілейміз!

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале