16.06.2023, 0:36
Оқылды: 12

Жәрмеңкенің берері көп

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылдық округіне жылжымалы жәрмеңке келді. Республикалық жоба аясында «TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке және консультация беру ауыл жастарын ақпараттандыруға  бағытталған.  Әсіресе, мектеп бітіруші түлектер мен  колледжден кейін жоғарғы оқу орнын оқуға ниетті жандар үшін таптырмас жиын. 

IMG-20230615-WA0123

Жастарта арналған ашық кеңесте жастар ресурстық орталығы, жоғарғы және арнаулы оқу орындары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Отбасы Банк» АҚ жэне т.б. сала мамандары аудан жастарына түрлі бағытта кеңестер берді. Подстепный ауылының тұрғыны, 11 сынып түлегі Нұрлыбек Оспанов оқу орын мамандарымен сөйлесіп, мамандықтар жөнінде ақпарат алды.

IMG-20230615-WA0114

-Бүгінгі жәрмеңке өте пайдалы болды.  Ауылымызға келген әр оқу орны өздерін таныстырды.  Оқытатын мамандықтары жөнінде ақпарат берді. Оқу орнына түсу үшін қандай құжаттар қажет екендігіне дейін нақтылап айтты. Мектепті енді бітіріп, қайда барарын білмей отырған түлектер үшін жәрмеңкенің берері көп.  Осыдан алған ақпаратымыз арқылы мамандығымызды айқындап, оқуға барамыз, — дейді Нұрлыбек Хайырболдыұлы.

IMG-20230615-WA0116

Жастармен жұмыс жөнінлегі ресурстық орталығы мен Қазақстан студенттері Альянсы волонтерлық ұйымының бастамасымен өткен «TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке және консультация автобусы алдағы күндері барлық аудандар мен ауылдарды қамтуды жоспарлауда.  Жоба ұйымдастырушылары «Жастарды мемлекеттік бағдарламалармен құлақтандырып, түлектерге оқуға түсуге жәрдемдесу басты мақсатымыз» дейді.

IMG-20230615-WA0124

 

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале