7.07.2022, 12:45
Оқылды: 10

Жастар арасында «Street fit» турнирі өтті

6 шілде - Елорда күніне орай Казталов ауданы орталығында «Street fit» жастар арасындағы спорттық турнирі өтті.

20220706153201_IMG_3927

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Айбын» спорт клубы ұйымдастырған аудандық турнирге 10-нан астам спортшы қатысты. Казталов ауылындағы STREET WORKOUT спорт алаңында өткен турнир тартысқа толы болды. Жастар мен орта жастағы азаматтардың бәсекесі жиылған дүйім жұрттың көңілін көтерді. Нәтижесінде Айымбек Насибуллин - ІІІ орын, Жәңгірхан Серікқали ІІ орынды иеленсе, Алихан Абаев жүлделі І орынды қанжығасына байлады. Жарыс ұйымдастырушылары аудан тұрғындарын спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы спорттық додалар жиі ұйымдастырылатынын атап өтті.

20220706145216_IMG_3904

- Елімізде бұқаралық спортты дамыту біріздендіріліп келеді. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан күніне орай маңызы зор іс-шара ұйымдастыруды жөн көріп, жастардың, жалпы аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына қызығушылығын оятатын турнир өткізіп, аудан халқының спортқа деген белсенділігін арттырдық. Алдағы уақытта да бұқаралық спортты дамытып, тек жастар ғана емес, әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша спорттық жарыстар ұйымдастыру жоспарымызда бар, - дейді «Айбын» спорт клубының директоры Нұркен Ахметов.

20220706145903_IMG_3913

Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдар, медальдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале