11.01.2022, 15:50
Оқылды: 35

Жастардың жағдайын назардан тыс қалдырмады

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда.

194549D1-795F-480D-8AD6-179F75444ACD

Әмбеге аян, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында жастардың да жағдайын назардан тыс қалдырмады.

Өзім жастармен жұмыс істейтін маман ретінде жастар саясатын дамыту мен қолдауға арналған бірнеше қабылдауларды естіп қуандым.

Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны 400 АЕК-ке дейін артуы, «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімінің ұзартылуы, еңбекақысын көтеру, жұмыссыздық мәселесін шешеді деп сенемін.

Нұргүл Асанбаева,

Подстепный ауылының жастар жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале