17.01.2022, 10:50
Оқылды: 30

Жылумен келген қуаныш

«Алтын шуақ» ҚБ  биылғы жылды жағымды жаңалықтармен бастады.  

10E2B1A2-A637-4651-AE56-6F8DC984F614

Өткен жылы қоғамдық бірлестік төрағасына өздерінің мұң-шағымын айтқан мүгедек жандардың  көтерілген мәселелері шешімін тауып жатыр. Соның ішінде баспанасына көгілдір отын кіргізу жайында бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандар айтқан болатын. Биыл демеуші, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  депутаты Н.Сәтбаевтың қолдауымен қоғамдық бірлестік жетекшісі С.Ашықбаев Федоровка ауылдық округінде екі отбасының баспанасын табиғи газ желісіне қосқызды.

-Үйімізге көгілдір отын келіп қатты қуанып жатырмыз. Ұлым ІІ топ мүгедегі.  Денсаулығына байланысты жылы да жайлы жағдай керек. Қысқа жіп күрмеуге келмей, газ кіргізе алмай жүр едік.  Біздің жағдайымызды түсініп, көмектескен азаматтарға алғысымды білдіремін,- дейді отағасы З.Әбілбасов.

Демеушілік көмек арқылы тап осындай жақсы жағдай Т.Даужановқа да жасалды.  

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале