Warning: session_start(): open(/tmp/sess_v4fa52ojdbqns0i15kepp5gu5o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады? - официальные новости ЗКО
26.06.2025, 10:15
Оқылды: 235

Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

image_l.jpg (1)

Сурет: massaget.kz

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

  • 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) - демалыс күндері.

Шілдеде қанша демалыс күн бар?

Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале