Warning: session_start(): open(/tmp/sess_v4fa52ojdbqns0i15kepp5gu5o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда - официальные новости ЗКО
20.06.2025, 17:15
Оқылды: 161

Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жазды. 

789

Сурет: gov.kz

 

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне алғысын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген иран, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале