23.04.2020, 14:41
Оқылды: 42

Оралдық еріктілер жалғызбасты ананың үйін жөндеп берді

Оралдық еріктілер жалғызбасты ананың үйін жөндеп берді.

A74FD767-55A3-4C79-80FB-764F89CC14CB

Батысқазақстандық әнші әрі той ұйымдастырушы Құдайберген Сұлтанияровтың айтуынша, бұрын поездың вагонында тұрып келген жалғызбасты әйелге жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетіліп, баспана берілген. «Сол үйді «Ақжайық жастары» еріктілерінің күшімен бір аптаның ішінде жөндеп бердік. Мен қаржысын ұйымдастырдым. Қазір Айнұр есімді әйел мен оның ұлы Саламат сыңғырлаған үйде тұрып жатыр», дейді Құдайберген. Инстаграм желісіндегі өзінің парақшасында 100 теңгеден қайырымдылық челленджін ұйымдастырған Қ.Сұлтанияровтың төтенше жағдай кезінде ұйытқы болған шаралары баршылық. Атап айтқанда, күні бүгінге дейін 18 ота жасалып, өте ауыр халде жатқан Әділхан есімді балаға 450 мың теңгенің көмегін көрсетті. Бұдан кейін де оның еміне қаржылай жәрдем бермекші. Балалар үйіне серуенге және ойынға арналған керек құрал-жабдықтарын жеткізген ерікті сонымен қатар 60 отбасына азық-түлік апарып берді. «Әрине, мұның бәрін мен жалғыз өзім атқара алмас едім. Соның ішінде өз есімін айтпауды өтінген осы елдің бір азаматын ерекше атағым келеді. Ол кісі барлық бастамаларыма қолдау көрсетіп, арасында қомақты қаржы бөліп отырады. Осындай бірліктің арқасында бұл қиын кезеңнен де аман өтерміз деп сенемін», деді ҚазАқпарат тілшісіне Құдайберген Сұлтанияров.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале