1.05.2020, 19:18
Оқылды: 58

Теректіліктер балапан өсіруді қолға алды

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің бастамасымен Теректі ауданы тұрғындарына "Жайық Ет" ЖШС тегін 1000 балапан таратты.

27E65375-D3B2-43DC-95ED-8308B0F88184

Сегіз ауылдық округ бойынша 20 аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балапанды алып, өсіріп, қажеттеріне жаратады.  Балапандардың  500-і бір күндік,  қалған 500-і - он төрт күндік. Серіктестік басшысы Т.Ескендіровтің айтуынша, балапандарға бір апталық жемі де қоса беріледі. Жоба өз жалғасын табады. Теректі ауданынан бөлек Ақжайық және Бәйтерек ауданы тұрғындары да қамтылады деп күтілуде.

78DA3C51-9AEC-48E3-B531-5DA860EC6D3A

-Біздер үшін мереке күні жақсы жаңалықпен өрбуде. Мен көпбалалы анамын. Тегін 50 балапан алып, оны өсіріп, өзімізді жұмыспен қамтуға берілген тамаша мүмкіндікке қуанып тұрмын.  Жайдары жаз мезгілінде балапандар жетіліп, шаруамыз өрістеп, жағдайымыз оңалады деп сенеміз.  Аудан әкімдігі және "Жайық Ет"  серіктестігіне аналық алғысымды білдіремін,- дейді аудан тұрғыны С. Алдоңғарова.

73E83D53-4290-4F5A-8200-93BD7EB0245E

Қазақ "Балапанды күзде санайды"  дейді. Бұл мақалды тура һәм жанама мағынасында да қолдануға болатындай.

 Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале