Орал қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған «Ұлы Жеңіске - ұлы үлес» тақырыбындағы қашықтық сурет байқауына қала мектептерінің 3-8 сынып оқушылары қатысты.
Бұл байқаудың ерекшелігі оқушылар суретті компьютерлік Paint бағдарламасында орындады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 120 оқушының жұмысы түскен. Қазылар алқасының шешімімен жас ерекшеліктеріне байланысты жас суретшілердің жұмыстары сараланып, жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, 3-4 сынып оқушылары арасында №47 орта мектептің оқушысы Р.Өтеген, 5-6 сыныптар арасында Круглоозерный мектебінің оқушысы А.Победимова, 7-8 сыныптар арасында №50 орта мектеп оқушысы Ә.Құспанның шығармашылық жұмыстары үздік деп танылды.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі