12.05.2020, 18:57
Оқылды: 88

Теректілік алтын құрсақты аналар марапатталды

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов аңқатылық Самал Таубаеваға «Алтын алқа» белгісін, ақжайықтық Бақытгүл Сатыбалдиева және Подстепный ауылының тұрғыны Назерке Есетоваға «Күміс алқа» белгісін табыстады.

4BD8A3FA-F23F-431F-AB06-2035CB938613

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 13 наурыздағы №283 Жарлығы бойынша марапатқа ие болған алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетілді. Аңқаты ауылының тұрғыны Самал Саматқызы 7 баланы тәрбиелеп отырса, Ақжайық ауылының тумасы Бақытгүл Қалимуллақызы 6 баланың анасы. Подстепный ауылында тұрып жатқан Назерке Қалиқызы да алты бала өсіріп, бүгінде ақ жаулықты анаға айналып отыр.

38782597-5E97-428B-9FC7-369584549CEC

Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы марапатты тапсырып, ардақты аналарға денсаулық және ұрпақ қызығын көруді тіледі.

2AF05BEE-4E87-43A5-8F01-BFABAD900C7F

  Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале