Рамазан айында "Сбербанк" акционерлік қоғамы өзінің әлеуметтік бағдарламасы аясында Сырым ауданының аз қамтылған 10 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті. Осылайша сырымдық ағайынның сауабына кенелді.
Мұқтаж отбасыларды төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдау жөнінде ақпаратқа келсек, тізім бұған дейін Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің ұсынбасы негізінде жасалған болатын.
Акционерлік қоғам атынан азық-түлік себеті табысталғанда аудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Шынар Дүйсенғалиева мен "Сырым жауһарлары" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Бахитова да жақсы істің жанынан табылды.
- Тізімдегі отбасылар дән риза. Халықтың қамын күйттеуді ұмытпай, сырымдық ағайынға деп жанашырлық танытқандарға алғыстарын білдіріп жатыр, -дейді ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Дидар Искакова.
Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz