Бүгін Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының азаматы Айбек Тасанов аз қамтылған, көпбалалы 10 отбасын 6 айға жергілікті «Жаңарған өңір» газетіне жаздырды. Бұл туралы Қызылоба ауылдық округінің әкімі Нұржан Серікбайұлынан естіп, білдік.
Әрқашан «елім», «жерім» деп еміренетін, менде болсын емес, елге болсын дейтін, ауылдастарына қамқор, жомарт жігіт Айбек Амантайұлына айтар алғысымыз зор.
Аудан айнасы қашанда халықтың мұң-мұқтажына құлақ түреді, жерлестер тағдырына бейжай қарамайды. Аудан өмірінен хабардар болып, жаңалықтармен үнемі таныс болғыңыз келсе, «Жаңарған өңір» газетіне жазылыңыз.
Алтынбек Ермекқалиев,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz