10.06.2020, 10:42
Оқылды: 41

 Сайқындықтар терминалды көбірек пайдалана бастады

Екі ай қатарынан Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқындағы аудандық ауруханада қызмет еткен терминалға «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесіне орын ауыстырғалы «тіл бітті».

Terminal

Бұрынғы орында мүлдем қызмет етпеді деуден аулақпыз. Алайда онын қызметін тек тілін білетін жас толқын ғана пайдаланатын. Ал «Қазпоштаға» алып келгелі терминал өз қызметіне кірісе бастады. Ол мұнда ауыстырғанда ауыл халқының ақпараттық сауаттылығы артты деген сөз емес. Оны арттыруға жағдай туғызылды.

Несін жасырамыз, терминал қызметін пайдалана алмайтындар баршылық. Міне, сондықтан аудандық жұмыспен қамту орталығынан жолданған арнайы адам осы қызметті пайдалану тәртібін үйретуде. Тек ол ғана емес, тұтынушылар өтініп жатса, күзетшілеріміз де өз көмегін тигізіп жатады. Терминал төлем төлеушілердің кезек күтіп тұрмауына көп көмегін тигізуде. Ол арқылы коммуналдық төлемдерді, балабақша мен несиені төлеуге болады. Салықтық берешекті де осыдан өтеуге мүмкіндік бар. Ескеретін жайт, кейде банктердегі өзгерістерге сай төлем тәртібі өзгеріп жатады. Мәселен, бүгінде Хоум Кредит банкіндегі ақпараттық жаңартулар жүруіне байланысты осы банктың төлемдері терминал арқылы алынбауда, – дейді аудандық байланыс торабының басшысы Гүлнар Мұқанова.

Ақпараттық заман түрлі гаджеттерді пайдаланудың тиімділігін насихаттауда. Осы ретте «Қазпошта» АҚ-ның KAZPOST мобильдік қосымшасы да түрлі қаржылық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік ашып қойған.

Раушан Бақытова

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале