Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай-ақ, Орал қаласының полиция басқармасына 92-18-14 телефонына немесе 102 нөміріне хабарласса жеткілікті.
Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері жергілікті жерлерге барып, жүзеге асыратын болады. Бұрын оларды қабылдау аумақтық полиция органдарында жүргізілетін.
Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлау қажет.
Анықтама: Халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл кезеңде халықтан 51 мың біріліктен астам қару және 2 млн. ойық қару патрондары сатып алынған. Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар 3 есеге (2012ж. 694-тен 2019ж. 238-ге дейін) төмендеді.
БҚО ПД Баспасөз қызметі