2.07.2020, 15:10
Оқылды: 50

«Жалғыз жанымыздың жауы өзіміз болмайық!»

Елімізді күннен-күнге короновирус дерті жайлап бара жатқаны баршамызды ойлантады, алаңдатады.

50F4C169-58A8-43F7-859E-36B7A22EEAE1

Күнделікті үйге кіріп шыққан сайын қолымызды сабындап жуып, антисептикалық заттарды пайдаланып келеміз.

Бүгінде той-томалақтардан бас тартуыма орай бірқатар достарымыз ренішін білдіріп жатырғандығын жоққа шығармаймын. Дейтұрғанмен қазіргідей уақытта көңілден гөрі бастың амандығы маңыздырақ болып отырғандығы жасырын емес. Алла амандығын берсе, мерекелі де берекелі сәттер алда деп ойлаймын.

Бізге басты қажеттісі – сақтық шараларын ұстану, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтына берік болу.

Барша достарым мен азаматтарды сақ болуға шақырамын. Жалғыз жанымыздың жауы өзіміз болмайық.

Ерлік Шамғали,

"Jas Otan" ЖҚ БҚОФ төраға орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале