Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
"Кіру және шығу үшін ешқандай анықтамалар қажет болмайды. Блоктар өңірлер арасында орнатылмайды. Бұрын айтылғандай, өңірлер арасындағы жолаушылар, автобус қатынасы тоқтатылады", - деді Е.Тоғжанов.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын.
Отырыста Мемлекеттік комиссия биылғы жылдың 5 шілдесінен 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
zhaikpress.kz