Жаңа әлемдегі еліміздің жарқын бейнесі саналатын бас қаламыз Астана күніне орай Бәйтерек ауданы Дариян және Озерный ауылдық кітапханасының қызметкерлері «Гүлдене бер, елорда» атты онлайн шара ұйымдастырды.
- Біздің астанамыз еуразиялық қала, ол әлемнің барлық тараптарының Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстік мәдениеттерінің жай қосындысымен емес, солардың үйлесімімен, кірігуімен ерекшеленеді.
Нұр-Сұлтан қаласы - егемендігіміздің символы. Еліміздің жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, береке – бірлігіміздің жарқын көрінісі. Әр елдің болашақ тарихын айқындайтын кезең болады. Біздің еліміздің сондай кезеңі елордамыздың Сарыарқа төрінен орын алуы. Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астанамыз асқақтай берсін! Баршаңызды осы бір тамаша мерекемен құттықтаймын, - деді шарада сөз алған Дариян ауылдық кітапханасының меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева.
Одан әрмен Озерный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мария Еременко «Арманы биік – бас қала» атты тақырыпта дайындалған кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Тікелей эфирде өткен шара барысында көрермендер де елорда жайындағы пікірлерімен бөлісіп, Нұр-Сұлтан қаласы туралы естеліктерін қалдырды.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz