10.07.2020, 14:11
Оқылды: 49

БҚО-дағы суға шомылу айдындарында рейд жүргізілуде

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжанов келтірген дерекке сүйенсек, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (суға бату – 14 оқиға, 15 адам қайтыс болған, оның ішінде 2 бала).

111EB3A3-216A-4E43-BA5D-98E857D6E28E

Былтырғы жылмен салыстырғанда, су айдындарында жайсыз оқиға жағдайлары 28,5%-ға (10), қайтыс болғандар 33,3%-ға (10) азайған.

- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-3 шешімі негізінде суға түсуге тыйым салынған орындар анықталды. Демалуға және шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған су айдындарына 246 тыйым салатын белгі мен 38 ақпараттық стенд орнатылды.

ТЖ департаменті жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына байланысты суға шомылу орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады. Патрульдеу кезінде суға шомылушы азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы ескерту-әңгімелер жүргізіліп, парақшалар таратылды, - дейді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Қосманұлы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале