14.07.2020, 9:56
Оқылды: 22

Қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

3393CAAE-74E5-419A-85AF-C3106A2A9E18

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Осы тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдадық. Бұл ретте ұсыныстарды ескере отырып, келесі шаруаларды тапсырамын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Мамин алдымен коронавирус пандемиясымен күрес жүргізу үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді. «Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз. Осы ретте барлық қазақстандықтады карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бұл шаралар аса маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен карантинді одан ары жүзеге асыру үшін барлық шараларды іске асырсын», - деді ол.

Үкімет басшысы дәрі-дәрмектің қажетті қоры барын айтып өтті. «Әрі ол үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріханалар мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету қажет. Атырау және Маңғыстау облыстарында вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін осы өңірлерге мамандар жіберілді. Бұл шара Атырау облысын - 102, Маңғыстау өңірін 56 маманмен жұмысты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Аталған әкімдіктер жіберілген мамандарға көмек көрсетсін», - деді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале