27.07.2020, 10:02
Оқылды: 61

Оралда жас сарбаздар ант берді

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің алаңында 200-ден астам сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

CF05EF85-872C-45B0-9315-015660003840

Олар Ұлттық ұлан қатарына Алматы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарынан биыл көктемде шақырылған.

Биыл пандемияның таралуына байланысты салтанатты әскери ант рәсімі тума-туыстарының қатысуынсыз санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

12573EE4-76B5-4839-BFCD-1E99CAA8226C

Алайда әрбір взвод үшін тікелей эфир ұйымдастырылып, барлық ата-аналар маңызды сәтті тікелей эфирден қарады.

Кешегі мектеп оқушылары бүгін қолындарына автомат ұстап сапта тұр. Олар жауынгерлік қызметтің қиындығына қарамастан, өз елін қорғауға дайын екендіктерін көрсетті. Бұл күні олардың әрқайсысы Отанға адал болуға ант берді.

43736E5B-2619-438A-86DC-A369113FC51D

Салтанатты әскери рәсімді 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Ербол Антай ашты. Оның сөзі жас гвардияшыларды жігерлендіре түсті.

-Әскери қызметтің ерекшелігі - әрбір азамат Қарулы күштер қатарына кіре отырып, әскери ант қабылдайды. Анттың мәтінінде Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз, Отанымызды қорғау жөніндегі әрбір әскери қызметшінің моральдық ұстанымы жазылған. Әскери ант әскери қызметтің мызғымас Заңына айналады, одан бір қадамға шегінуге болмайды, – деді подполковник Ербол Антай.

Жас сарбаздар өз Отанына адал болуға ант беру үшін бірінен соң бірі саптан шығып жатты. Олардың берген серттерінен өздеріне деген сенімділікті байқадық.

"Батыс" өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары, штаб бастығы, генерал-майор Арман Жұмағалиев жас толқынды айтулы оқиғамен құттықтады.

- Әскери ант - ер адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Осы сәттен бастап Сіз Отаныңыздың толыққанды қорғаушысы боласыз. Сізге гвардияшы атағын абыроймен иеленуді, кәсіби және қызметтік міндеттерді адал атқаруды, өз алдыңызға биік мақсаттар қойып, әрқашан сол мақсат биігінен көрінуді тілеймін, - деп атап өтті генерал-майор А.Жұмағалиев.

Сарбаздардың "Егемен Қазақстан" әнін орындауы туыстары үшін күтпеген тосын сый болды.

Салтанатты жиын соңында әскери бөлімнің әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде жас сарбаздардың туысқандары мен жақындарына бөлімдегі қызмет пен тұрмыс жағдайлары, жас сарбаздар қызметінің келешегі мен ерекшеліктері туралы айтылып, ата-аналардың проблемалық сұрақтарына жауап берілді.

Естеріңізге сала кетейік, ант беру сәтінде әскерге шақырылушылар әскери қызметтің қыр-сырын зерттеген және игерген жас жауынгер курсынан өткенін атап өту қажет. Ант қабылдағаннан кейін екі апта ішінде олар тиісті пәндер бойынша оқуын жалғастырады, олардың нәтижелері бойынша сынақтар тапсырылады. Сондай-ақ осы кезеңде жас сарбаздар түзеу мекемесінде және Орал қаласының көшелерінде патрулдік қызметте тағылымдамадан  өтеді.

Ерболат Сұлтанов,

подполковник

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале