28.07.2020, 9:49
Оқылды: 36

Бәйтеректік жастар бастамалары жалғасын табуда

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Волонтерлар жылы болып бекітілген болатын. Бәйтерек ауданының волонтерлары, аудан жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен біріге отырып, қайырымдылық шараларына белсенді атсалысуда.

9AA85BC7-B416-4111-BF44-C9D033B2F1F1

Су қоймаларының жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарау, қамқорлық көрсету мақсатында қолға алынған «Bizbirgemiz: TazaQazaqstan» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында Дариян, Краснов, Көшім, Мичурин ауылдық округтерінің жастары «Таза жағалау» акциясын өткізді. Бастамашыл жастардың арқасында жоғарыда аты аталған ауылдар маңындағы өзен-көлдердің жағасы тазартылып, бірнеше тонна қоқыс арнайы орындарға төгілді.

222934FD-25FE-47EB-9C2E-29F976428D85

Сонымен қатар Бәйтерек ауданының бірқатар ауылдық округтерінде волонтерлық топтар «Карантин ережесін сақтайық» атты ұранмен адам көп шоғырланатын орындарды аралап, коронавирус індетінің алдын алу мақсатында үнпарақтар таратса, аудан орталығының ерікті жастары қоғамдық орындардағы тұрғындарға медициналық бетперде таратуды қолға алды.

3452BEB5-C65D-4693-A8C9-18D450AFDD31

-Қазіргі індет өршіген кезде карантин ережелерін сақтамай, қоғамдық орындарда медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға үлкен көлемде айыппұлдар салынып жатқаны мәлім. Маскасыз жүру адам денсаулығына да қауіпті болуы мұмкін. Бүгінгі таңда карантин ережелерін қатаң сақтап, өз жақындарымызға жанашыр болу өте маңызды. Ауылдастарымыздың қауіпсіздігі үшін бетперде таратуды қолға алдық - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Алма Төлепқалиева.

Аталмыш акциялар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале