19.08.2020, 11:22
Оқылды: 44

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жалғасуда

Бүгінгі күні 629 батысқазақстандық жүргізуші қазақстандық нөмір алды.

1578998814_am-kg-ru-rb-nomera-p2-2

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанға Армениядан әкелінген сол жақ рульді автомобильдерді тіркеу акциясы жүргізілуде. Көліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Сондай-ақ тіркеуге тек Армениядан ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақ рульді автокөлік жатады.

Автокөлік иелері жалпы сомасы 11 946 теңге төлейтіні туралы ақпарат осыған дейін жарияланған болатын. Атап айтқанда, тіркеу үшін – 695 теңге, техникалық құжат үшін – 3 473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге.

Көлік құралдарын тіркеу үшін:

- жеке куәлік;

- мемлекеттік тіркеу үшін 0,25 АЕК көлемінде алымның және мемлекеттік баж салығы төленгені жөніндегі квитанциялар;

- көлік құралының есепке қойылғаны туралы армян куәлігі (мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен);

- мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі, оң жақ руль сол жаққа қайта қондырылған жағдайда көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік болуы керек.

Басқа тілдегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, оны нотариус немесе соған құқығы бар адам растауы қажет.

БҚО-да тіркелген автокөлік иелеріне сары түсті жетінші аймақтың нөмірі беріледі. Көліктің техникалық төлқұжатын тіркеу кезінде «ерекше белгілері» бөліміне «басқа тұлғаның атына тіркеуге жатпайды» деген жазба енгізіледі.

Сары түсті нөмірлер берілген автокөліктерді Қазақстан Респубикасының аумағында да, шет мемлекеттерде де шектеусіз әрі еркін қодлануға болады.

Армян нөмірі бар автокөліктерді тіркеу үшін Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет. Мұнда әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерінен кеңес береді. Сонымен қатар БҚО Полиция департаменті колл-орталығының 35-04-84, 8-708-435-04-84 телефондарына қоңырау шалуға болады.

Азаматтарға қолайлы болу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жексенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге тағы да сала кетейік, Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеуді ұзаққа созбаған дұрыс, 10 күндей ғана уақыт қалды. Көлік құралы есепке қойылмаған жағдайда ақылы автотұраққа қойылатын болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале