Сырымдағы жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде «Мектепке жол» акциясы шеңберінде «Компьютер сыйла», «Планшет сыйла» , «Ноутбук сыйла» атты қайырымдылық марафондары өтті.
2008 жылдан бері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке баруын толық қамту мақсатында жыл сайын акция өткізіледі.
Биыл да марафон өз жалғасын тауып, Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен Тахамбетов Бейбіт («Алма» ШҚ), Исмагулов Қазбек («Аққолқа» ШҚ), Жұмағали Бақыт («Қарақұнан -Тана»), Имашев Нұрлан («Сұңқар» ШҚ), Хамидуллин Бақытжан («Шідерті» ШҚ), Хамзин Темірхан («Байназар» ШҚ) қаржылай көмек берді. Жиналған қаржы 60 000 теңгені құрады. Бұл қаржы 27 толық емес отбасы мен үш қолайсыз отбасы балаларына бөлініп берілмек.
Марафоннан жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің мектеп ұжымы да қалыс қалмай, қолдап 111000 теңге қаржы жинап, қамқоршылықтағы екі отбасының үш баласына, қолайсыз отбасының бір баласына жалпы төрт мектеп сөмкесі мен жаңа оқу жылындағы жалпы мектепте оқитын 308 оқушыға оқу құралдары, соның ішінде дәптер мен қаламдар алып беріліп отыр.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz