2.09.2020, 10:24
Оқылды: 68

Дәрігерлердің жалақысын көтеруге қанша қаражат бөлінеді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат бөлу жоспарланғанын айтты.

Dariger

«Мемлекет басшысы биылдан бастап дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру және 2023 жылға қарай оны экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге арттыру тапсырмасын жүктеді», – деп атап өтті министр. Оның айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасында аталған шығыстар қарастырылған.

«247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге арналған шығыстардың жалпы сомасы 2021 жылы 222,3 млрд. теңгені, 2022 жылы 361,7 млрд. теңгені, ал 2023 жылы 557,5 млрд. теңгені құрайды», – деді Алексей Цой.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале