2.09.2020, 11:22
Оқылды: 32

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

1 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" тақырыбымен дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Prezident

 

Жолдауда Президент отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалғанын, сондай-ақ осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналып, қазіргі кездегі дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын айтып өтті.

Сонымен қатар қарастырылған мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, экономикалық-әлеуметтік даму, теңгерімді аумақтық даму, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғаудағы негізгі мәселелер ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруына септігін тигізеді.

Гүлназ Айтжанова,

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханасының әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале