Аңқаты ауылдық Мәдениет үйінде ВАСХНИЛ академигі, Социалистік Еңбек Ері Алексей Черекаевты еске алуға арналған шара өтті. Аталмыш шараға облыс орталығынан Алексей Васильевичпен қызметтес болған, көзін көріп, сөзіне тамсанған азаматтар мен ел ағалары қатысты.
Мәдениет үйінде өткен еске алу шарасына жиналғандар Алексей Черекаев жөнінде естеліктерімен, жылы лебіздерімен бөлісті. Олардың қатарында ақын А.Нәріков, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы М.Оңғарбеков, профессор, 90-нан астам ғылыми еңбектің, 4 монографияның авторы, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ ректоры болған Қ.Бозымов, Ресей Федерациясынан арнайы келген марқұм Алексей Васильевичтің інісі Н.Черекаев, «Айсұлу» шаруа қожалығының басшысы М.Зайнуллин, Теректі ауданының құрметті азаматы А.Попов, Аңқаты ауылының сыйлы ақсақалы Б.Нығметовтер болды.
Қарапайымдылығы мен халыққа деген ерекше махаббаты арқылы есте қалған азамат жөніндегі бейнеролик те өте тартымды шықты.