Балалардың қауіпсіздігі қашанда бірінші орында. Қазір мектептерде сабақ басталған шақта балалардың көшедегі қауіпсіздігіне үлес қосу ету тек ата-аналардың ғана емес, көлік жүргізушілердің де тікелей міндеті.
Осыған орай Шыңғырлау мектептерінде жол тәртібін сақтау, көлік қозғалысын қадағалау мақсатында шара өтті. "Абайлаңыз, балалар!" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп сыныптарына барған полиция қызметкерлері балаларды жолдан өткенде сақ болуға шақырды.
Мектептен шыққан балаларды күтіп алу ата-ананың міндеті болса, көлік жүргізушілер де жолдан өтетін балалардың тағдырына тікелей жауапты болулары керек.
Назым Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер