15.09.2020, 16:05
Оқылды: 41

Оралда Ұлттық ұланның 500-ге жуық әскери қызметкері жалпыреспубликалық диктантқа қатысты

15 қыркүйек күні Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде тіл айлығының «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы аясында қазақтын бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты жалпыреспубликалық ашық диктантқа бөлімнің жеке құрамы қатысты.

Диктант на гос языке (1)

Акцияның мақсаты – қазақ әліпбиін насихаттау және жазу дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілді білуге қызығушылықтарын арттырып, қазақ тілінде жазу сауаттылығын байқау.

Айтулы шараға Ұлттық ұланның 500-ге жуық әскери қызметкері қатысты. Қатысушылар арнайы белгіленген сыныптар мен әскери саптық алаңында  арнайы мәтінді  ауызша және аудио тыңдау арқылы жазды.

– Бүгінгі шараға менің жалғастырушы тобымда оқитын әскери қызметкерлердің бәрі бір кісідей қатысты. Диктант жазу ешқандай қиындық туғызған жоқ. Қазіргі таңда сабақ барысында қазақ әліпбиін қолданып жүрміз, – дейді аға лейтенант Андрей Логунов.

Диктант на гос языке (6)

– Жалпыреспубликалық диктантқа біздің 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері белсенді қатысты. Акция әскердегі жауынгерлік қызметке кедергі келтірген жоқ. Шараның мақсаты – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қазақ әліппесін қаншалықты меңгергендерін бағалау. Қатысушыларға баға қойылмайды. Оларды «нашар жаздың» немесе «үздік баға алдың» деп бөлмейміз. Біздің көздеп отырған мақсатымыз – қоғамымызда халықты ұйыстырушы фактор – мемлекеттік тілді білуге ынталандыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, – деді шараны ұйымдастырушы 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімшесінің бастығы, мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері, майор Алмагүл Жұмабекова.

 Ерболат Сұлтанов,

 ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы,

подполковник

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале